
2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасыры мен бас маманы, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесінің, №1 және №2,№7,№11 қалалық ауруханалардың бас дәрәгерлері, сондай-ақ №53, №54, №56, №69 және №78 мекемелерінің медициналық бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды:
🔹 ҚАЖ мекемелеріне бару қорытындылары: медициналық бөлімдердің қызметінде анықталған мәселелер, қабылданған шаралар және берілген ұсынымдардың орындалу барысы;
🔹 Сотталғандарға медициналық көмек көрсету: МӘМС жүйесіне қатысуы, медициналық сақтандыру мәртебесін айқындау, медициналық есепке қою, диагностика мен емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық құжаттарды дұрыс рәсімдеу мәселелері;
🔹 Сотталған шетел азаматтарына уақытша ЖСН беру: оларды сәйкестендіру және есепке қою, ЖСН қалыптастырудың қолданыстағы тәртібі, туындайтын проблемалар және оларды шешу жолдары.
Отырыс барысында қатысушылар аталған мәселелер бойынша пікір алмасып, анықталған кемшіліктерді сапалы әрі уақтылы жою, сондай-ақ сотталғандардың медициналық және өзге де құқықтарын қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмысты күшейту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284359?lang=ru

Жауап қалдыру