
Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Жалғызқарағай ауылында өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған 253-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Бекет үш елді мекеннің жалпы саны 445 тұрғынына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жаңа бекеттің ерекшелігі оның кәсіпкерлік субъектілердің қолдауымен құрылғанында. Оны орналастыру үшін қолданыстағы ескі ғимарат қайта жабдықталып, қызмет атқаруға және төтенше жағдайларға жедел шығуға қажетті жағдайлар жасалды.
Жедел әрекет ету үшін өрт сөндіру бекеті ТЖМ ұсынған өрт сөндіру автоцистернасымен, өрт сөндіру-техникалық құралдарымен, өртті сөндіруге арналған жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақтандырылды. Бөлімше ТЖД-де арнайы даярлықтан өткен жеке құраммен толық жасақталған.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, халықтың өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1284522?lang=ru

Жауап қалдыру