
Жидда, 2026 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Изтай Сәкен Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мекке аймағы бойынша өкілдігінің Бас директоры Фарид Саад аш-Шахриге консулдық патентті тапсырды.
Кездесу барысында Фарид Саад аш-Шахри қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Ол Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, оның одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, Изтай Сәкен Сауд Арабиясы СІМ өкілдігінің Бас директорына құттықтауы үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жандандыру мақсатында бірлескен жұмысты және өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1284458?lang=ru

Жауап қалдыру