Құқықтық тәртіп және қосымша білім беру мәселелері тұрақты комиссияның отырысында қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 тамызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Г. Сәдуақасованың төрағалығымен депутаттық өкілеттіктер және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына Шортанды ауданының әкімі С.Шабаров, әкімнің орынбасарлары А. Керімбаев, Ш. Ахметова, А. Сейпелов, атқарушы органдардың өкілдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыс барысында екі өзекті мәселе қаралды: учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимылы және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ Шортанды ауданындағы қосымша және мектептен тыс білім беру жағдайы.
Бірінші мәселе бойынша Шортанды ауданының полиция бөлімінің бастығы Р. Кішкентаев және Шортанды ауданының отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығының директоры С. Әбілқайыров сөз сөйледі.
Қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу, полицияның халықпен өзара іс-қимылы және отбасыларға көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Екінші мәселе бойынша ақпаратты Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н. Шахметов ұсынды. Қосымша және мектептен тыс білім беруді ұйымдастыруға, балаларды үйірмелер мен секцияларға тартуға және осы бағытты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттармен сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссия қаулыларының тиісті жобалары дайындалды.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1284192?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді