
Құтырма – жұқтырған жануар тістегеннен кейін пайда болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен өтетін және әдетте өліммен аяқталатын жедел вирустық инфекциялық ауру.
Инфекция көздері – иттер, мысықтар, сондай-ақ қасқыр, түлкі сияқты жабайы жануарлар және басқалары. Жануар ауру белгілері пайда болудан 3-10 күн бұрын жұқпалы бола бастайды және аурудың бүкіл кезеңі бойы жұқпалы болып қалады.
Инкубациялық кезең орта есеппен 1 айдан 3 айға дейін созылады (12 күннен 1 жылға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін). Инкубациялық кезеңнің ұзақтығына тістеген жердің орналасуы әсер етеді. Ең қысқа инкубациялық кезең бет, бас аймағын тістегенде байқалады, одан кейін жоғарғы аяқ-қолдар, ал ең ұзақ кезең төменгі аяқ-қолдар тістелгенде болады.
Республика көлемінде соңғы 10 жыл ішінде (2016-2025 ж.ж.) 22 адам құтырмамен ауырды, оның ішінде, Түркістан облысында – 9 жағдай, Шымкент қаласында – 4 жағдай, Алматы, Астана қалаларында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында – 1 жағдайдан тіркелді, соның ішінде 2025 жылы Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұрғындар арасында құтырма ауруы 1 жағдайдан тіркелді.
Құтырудың алдын алу: тістегеннен кейін дереу алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, тістелген жерді 20% сабынды-сулы ерітіндімен молынан жуу қажет және құтыруға қарсы антирабиялық иммуноглобулин мен вакцина арқылы шұғыл иммундау жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласында жануарладан зардап шеккен адамдардығ саны – 1776, оның ішінде – 72,6% белгісіз иттер мен басқа да жабайы жануарлардан зардап шеккен. Барлық жағдайда құтыруға қарсы профилактикалық екпелер тағайындалды.
Мәлімет үшін – Алматы қаласында 6 медициналық ұйымның травматологиялық пункттерінде антирабиялық көмек көрсетіледі.
Атап айтқанда:
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Қалқаман ықшам ауданы, 20. Телефон: 8 (727) 270-86-04) – Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» ШЖҚ КМК (Қазыбек би көшесі, 96. Телефон: 8 (727) 292-31-01) – Алатау, Алмалы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Жандосов көшесі, 6 үй) – Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК (Папанин көшесі, 220 үй. Телефон: 8 (727) 300-37-01) – Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді;
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК (Достық даңғылы, 220 үй. Телефон: 8 (727) 264-77-62) – барлық аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетеді (бет пен бас тістеген кезде);
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК (Манас көшесі, 40 үй. Телефон: 8 (727) 274-45-43) – қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Алматы қаласында иесіз ит-мысықтарды аулау мен олардың өлекселерін жинау мәселесімен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы «Алматы ветеринариялық қызметі» ШЖҚ КММ бригадалары айналысады, диспетчерге +7 708 595 64 04 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Еске саламыз! Алматы қаласының тұрғындары иттер мен мысықтарды ұстау «Алматы қаласында иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №209 шешіміне сәйкес жүргізіледі. Құтыру вирусының адамдарға жұғуында қауіп тек қаңғыбас жануарлардан ғана емес, сондай-ақ аулаларда және пәтерлерде ұсталатын жануарлардан да туындайды.
Сондықтан, жануарлардың иелері ұстап отырған жануарларын қалалық ветеринарлық клиникаларда құтыруға қарсы екпе жүргізулері қажет. Соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасында құтыру ауруынан болған өлім жағдайларының 50% белгілі жануарлардың (иттердің) тістеуінен зардап шеккендер арасында тіркелген. Осыған байланысты, тұрғындар арасында құтырудың алдын алудың бірі – иттер мен мысықтарды асыраудың ережесін сақтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1284529?lang=ru

Жауап қалдыру