Қызылша инфекциясының алдын алу бойынша жиналыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 31 тамызында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «№7 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК базасында «Қызылша инфекциясына қарсы бұрын егілген балалар арасында тіркелген әрбір жағдайды жан-жақты қарастыру, туындау себептерін анықтау және алдын алу» тақырыбында облыс бойынша амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке медицина мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналысқа Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Курбанов, облыстың штаттан тыс бас инфекционисті А.Т.Сидешова, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментініңбас маманы О.С.Темірғали және облыс бойынша амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке медицина мекемелері қызметкерлері қатысты.

Жиналысты ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Абилова Алмагүл Исламқызы ашып, іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. А.Абилова өз сөзінде ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының ата-аналарымен тығыз байланыста түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қызылшаға қарсы вакцинацияның баланы аурудан қорғаудағы және аурудың асқынуының алдын алудағы маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Жиналыс барысында облыстағы қызылша инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық ахуалы кеңінен талқылана отырып, алдағы уақытта медициналық ұйымдарға қызылшаның алдын алу, инфекцияның таралуына жол бермеу және аурудың әрбір тіркелген жағдайын жан-жақты зерделеу бағытында атқарылуы тиіс нақты шаралар бойынша тапсырмалар берілді.

Жиналыс барысында қызылша инфекциясының алдыналуда вакцинацияның маңыздылығы, ауру жағдайларын уақтылы анықтау және эпидемияға қарсы іс-шараларды сапалы ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1284467?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді