
Қызметкерлердің денсаулығы – қауіпсіз әрі тиімді еңбек жағдайын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. «Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі мақсаты – жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай қалыптастыру және еңбек қызметі барысында туындайтын кәсіптік аурулардың алдын алу.
Кәсіптік аурулар өндірістік ортадағы қолайсыз факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Оларға шу, діріл, жоғары немесе төмен температура, өндірістік шаң мен зиянды заттар, химиялық факторлар, жеткіліксіз жарықтандыру, физикалық жүктеме және жүйке-эмоциялық күйзеліс жатады.
Кәсіптік аурулардың алдын алу жолдары:
- еңбек жағдайларының санитариялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- өндірістік орта факторларына тұрақты бақылау жүргізу;
- жұмыс орындарында жарамды жабдықтарды пайдалану;
- қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету;
- еңбек және демалыс режимін сақтау;
- қызметкерлерді қауіпсіздік талаптары мен санитариялық-гигиеналық нормаларға оқыту;
- зиянды өндірістік факторларды уақтылы анықтап, олардың әсерін төмендету;
- белгіленген жағдайларда алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өту.
Өндірістік бақылау еңбек жағдайларын бағалауға, өндірістік ортадағы зиянды факторларды анықтауға және қызметкерлердің денсаулығына кері әсерін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Салауатты жұмыс орны – баршаға ортақ жауапкершілік
Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық шараларды ұйымдастыруы қажет. Ал қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтап, жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдаланып, қажетті медициналық қарап-тексерулерден уақтылы өтуі тиіс.
Кәсіптік аурулардың алдын алу – қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, еңбек өнімділігін арттыруға және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Салауатты жұмыс орны – қауіпсіз еңбек, мықты денсаулық және ортақ жауапкершілік!
«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1284446?lang=ru

Жауап қалдыру