Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз. Тақырыбы: «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қалай төлейді?»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сұрақ: Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданамын («e-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланамын). Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептеліпті. Оны қайда және қалай дұрыс төлеуге болады, қандай деректемелерді көрсету қажет?

Жауап: Әлеуметтік төлемдерді уақтылы немесе толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлды бірнеше ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:

  1. Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы:
    • Halyk: Төлемдер → Барлық төлемдер → Мемлекеттік төлемдер → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
    • kz: Мемлекеттік қызметтер / Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған аударымдар (немесе өсімпұлдарды төлеуге арналған тиісті бөлім).
  2. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы.

Маңызды: Есептелген өсімпұл сомасын алдын ала «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы тексеріп алған жөн. «e-Salyq Business» қосымшасы арқылы әлеуметтік төлемдер мен өсімпұл сомасын тікелей есептен шығару және төлеу жүзеге асырылмайтынын ескеріңіз. Қосымша чектерді қалыптастыру және міндеттемелерді есептеу үшін қолданылады.

Төлем белгілеу кодтары (ТБК / КНП)

Төлемді жүргізу кезінде төлем белгілеу кодын дұрыс көрсету өте маңызды:

– 019 – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша өсімпұл;

– 098 – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) бойынша өсімпұл;

– 017 – әлеуметтік аударымдар (ӘА) бойынша өсімпұл;

– 124 – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) бойынша өсімпұл.

Төлемді алушы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

Мерзімдер мен ставкалар туралы еске саламыз

– Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік төлемдердің жалпы мөлшері айлық кірістің 4%-ын құрайды (МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ үшін 1%-дан).

– ЖБМЗЖ 1975 жылға дейін туған азаматтармен төленбейді.

– Төлеу мерзімі: табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейді.

Есепті айда табыс болмаған жағдайда төлемдер есептелмейді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1284385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді