Сырым ауданы білім беру бөлімінің бас маманы Қ.Аманғалиевтің дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуына арналған тікелей эфирде өтетін брифингке арналған баяндамасының желісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сырым ауданы білім беру бөлімінің бас маманы Қ.Аманғалиевтің дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуына арналған тікелей эфирде өтетін брифингке арналған баяндамасының желісі

Құрметті брифингке қатысушылар!
Өздеріңізге Сырым ауданы бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының ұйымдастырылуы туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

Акцияның мақсаты
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жылғы 30 шілдедегі № 624 бұйрығына сәйкес, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында 2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Ағымдағы жылы, әлеуметтік бағыттағы бұл бастама «Балаларға жақсылық сыйла!», «Ауыл балаларына-мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі: баланы мектепке дайындаймыз!» ұранымен қайырымдылық марафонын аудан бойынша өткізілуде. Аудан бойынша барлық мектептерде жауапты мамандар бекітіліп, жедел желі іске қосылды. Акцияға қолдау кеөрсету мәселелері бойынша кез келген сұрақтарыңызға арнайы мамандар жауап береді.
Акция шеңберінде аудандық полиция бөлімімен бірлескен «Жұмыссыздық», «Түнгі ауылдағы балалар» (қоғамдық орындарда, ойын клубтарында) рейдтік шаралар ұйымдастырылатын болады.

Қаржылай көмек кімге беріледі және оның мөлшері қандай?
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қаржылай көмек:
* мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
* мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
* жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
* төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына;
* білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған өзге де әлеуметтік осал санаттағы білім алушыларға көрсетіледі.
Биылғы жылы қаржылай көмек бір балаға 50851 теңге көлемінде төленеді.

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың өтінішіне сәйкес ақшалай нысанда жүзеге асырылады, қаражаттың нысаналы пайдаланылуы олар сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына міндетті түрде құжаттамамен (төлем туралы түбіртектер, чектер, фото) расталады.
Биылғы жылы білім беру ұйымдарының ақпаратына сәйкес 1200-ге жуық бала қаржылай көмекпен қамтылады.
Қайырымдылық көмегі
Аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындардың мектептерге бөлініс кестесі жасақталып, бекітілді. Сонымен қатар көмекке мұқтаж балалардың деректер қоры жасақталуда. Науқан барысында осы санаттағы балаларға кәсіпкерлер, меценаттар мен шаруа қожалықтарын тарапынан әлеуметтік қолдау шараларына тарту жоспарланып отыр. Барлық ұйымдарды, кәсіпкерлерді, акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

«Мектепке жол» акциясының басты мақсаты – ешбір баланың әлеуметтік жағдайына байланысты жаңа оқу жылынан тыс қалмауына жағдай жасау. Осы бағыттағы жұмыстар белгіленген мерзімде жалғасады.

https://www.facebook.com/share/v/19FPe3XqXb/?mibextid=wwXIfr

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284416?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді