Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың маусым-шілде айларында ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Солардың бірі, Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдарынының іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Түркияда табылған болатын. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен  8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Одан басқасы, Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға сотталды.

Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестріру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды.

Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1284165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді