
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 02.09.2026 жылы Департаментімізде тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызы, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі туралы айтылды.
«Тілі бірдің – тілегі бір» дегендей, мемлекеттік тілді құрметтеу – әр азаматтың ортақ міндеті. Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, оның қолданыс аясын кеңейту – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Тіл – халықтың рухы, ұлттың жаны, елдіктің берік тұғыры!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1284050?lang=ru

Жауап қалдыру