
Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округіне қарасты Тұмалыкөл ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңынынң ашылу салтанаты өтті.
Ic-шараға ауыл тұрғындары, ата-аналар мен балалар қатысты. Салтанатты
жиында ауыл әкімі жаңа ойын алаңы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, дене белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, 1 кыркүйек – Білім күні қарсаңында алғаш рет мектеп
табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге қажетті оқу құралдары табысталды.
Шара барысында ауылдың үлкендері шашу шашып, ақ батасын беріп, бүлдіршіндерге ізгі тілектерін жеткізді. Жаңа ойын алаңы ауыл тұрғындарының игілігіне беріліп, балалардынң қауіпсіз әрі
жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстардың бірі болып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1284209?lang=ru

Жауап қалдыру