
Құрметті қала тұрғындары, өнерсүйер қауым, ақындар мен әдебиет жанашырлары!
Қазақстан халқының тілдері күніне орай және қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, тілтанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазы ұлықтаған ұлы тіл» атты облыстық жыр мүшәйрасына шақырамыз!
Кеш барысында ақындар өздерінің жүрекжарды жырлары мен авторлық туындыларын ұсынып, Ұлт ұстазының өнегелі ғұмыры мен ұлт руханиятындағы өшпес мұрасын жырмен өрнектейді.
Сөз құдіретін қастерлеген,
ұлт рухын жырына арқау еткен ақындардың
сырлы сөзі мен жүрек үніне куә болыңыз!
Өтетін орны: А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі
Күні: 4 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Келіңіздер, ұлт ұстазын бірге ұлықтайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1284143?lang=ru

Жауап қалдыру