
Шаһар басшысы Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүргізіліп жатқан шаралар барысы талқыланды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының басшылары мен қала активі қатысты.
Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар арасында буллинг пен лудоманияға жол бермеу, тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала халқымен кездесулер ұйымдастырылып, талап-тілектер мен ұсыныстар тыңдалуда. Сонымен қатар, күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, құқықтық кеңестер берілуде. Дегенмен, қағидат аясындағы іс-қимылды әлде де күшейту қажет.
– Біз оқиғалардың салдарымен емес, оның себебімен күресуіміз керек. Қазір құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы күшейтілді. Ендігі кезекте құқықбұзушылықтардың алдын алып, профилактикалық шараларды күнделікті ұйымдастыру маңызды. Сондықтан ортақ бастамаға бір кісідей жұмылып, жұмысты ұтымды үйлестіруіміз қажет, -деді Нұржан Сәбитұлы.
Жиында қала әкімі мектептердегі және оның аумақтарындағы қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, санитарлық тазалыққа мән беріп, шаһар көркіне нұқсан келтіріп, абаттандыру қағидатын бұзған кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға қатаң шаралар көруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1284611?lang=ru

Жауап қалдыру