
2026 жылғы 2 қыркүйекте мәслихат төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлының төрағалығымен Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы (үзілістен кейінгі) сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Жаңасемей ауданының әкімі Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелерді қарады. Атап айтқанда:
Абай облысы Жаңасемей ауданы Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Қараөлең, Көкентау, ауылдық округтері мен Шүлбі кентінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және «Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер депутаттармен жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1284494?lang=ru

Жауап қалдыру