
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өткізілді.
Аталған байқауға Шет ауданының атынан Ақадыр кенті әкімінің орынбасары Тасырбаева Гаухар Болатқызы қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша Гаухар Болатқызына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының атынан арнайы диплом және 200 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Бұл – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл тазалығын сақтауға және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған еңбектің лайықты бағасы.
Шет ауданының атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен Гаухар Болатқызын құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1284223?lang=ru

Жауап қалдыру