
Қаратал ауданында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік басқару дерегінің жолын кесті.
Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері Nissan Patrol автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 25 жастағы жүргізушіден масаңдық белгілері байқалды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік ішімдік қолданғанын растады.
Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сот белгілеген тыйымға қарамастан, жүргізуші алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін қайтадан көлік тізгіндеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция ескертеді: көлікті мас күйінде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Әсіресе көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, заңмен белгіленген тыйымды қасақана елемейтін тұлғалардың әрекеті аса қауіпті.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1284374?lang=ru

Жауап қалдыру