Жітіқара аудандық мәслихаты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     

          2026 жылғы 02 қыркүйекте Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Оксана Ивановна Ержанованың төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.     

          Депутаттар Забеловка, Милютин, Приречное ауылдары, Тоқтаров ауылдық округі, Степной ауылдық округі әкімдерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептерін қарады. Комиссия отырысында депутаттар ауылдық елді мекендер аумағында қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен және шаруа қожалықтарымен жасалған меморандумдарды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігі туралы мәселе көтерді.

                Комиссия жұмысына Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н.З. Уразалинов, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

               Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

               Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1284449?lang=ru