Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан көлік тізгіндеген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан көлік тізгіндеген

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған әрі бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіні анықтады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөліктің бағытын анықтап, Назарбаев даңғылы маңында тоқтатқан.

Көлік тізгінінде 27 жастағы ер адам болған. Тексеру барысында оның сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мас күйде көлік басқару, әсіресе көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы жол қозғалысына қатысушылардың барлығына үлкен қауіп төндіреді және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1284125?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді