ЗҰЛҚАШЕВТАР ОТБАСЫ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында отбасының қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды.
 
Биыл өңірлік байқауға Атырау қаласы мен ауданнан барлығы 62 отбасы қатысып, өздерінің өнегелі өмір жолын, отбасылық құндылықтарын және қоғамдық белсенділігін таныстырды.
Қуанышты жаңалық – облыстық кезеңнің БІРІНШІ ОРНЫН Махамбет ауданынан қатысқан Зұлқашевтар әулеті иеленді.
 
Зұлқашевтар отбасы – Махамбет ауылындағы өнегелі әулеттердің бірі. 1989 жылы Шәудір Зұлқашев пен Света Мырзағалиева шаңырақ көтеріп, бүгінде үш ұл тәрбиелеп өсіріп, 11 немере сүйіп отырған берекелі отбасы.
Талай жылды бірге еңсеріп, ұрпақ тәрбиесіне үлгі болып келе жатқан Зұлқашевтар әулеті – сыйластық пен сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті берік ұстанған отбасының жарқын үлгісі.
 
Зұлқашевтар әулетін «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіндегі жеңісімен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-mahambet/press/news/details/1284351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді