
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылдық округінің аумағында сенбілік ұйымдастырылып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке ауылдық округтің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының еңбек ұжымдары белсенді қатысып, туған ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. 🤝🌱
Тазалық – тек бір күндік жұмыс емес, ол әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Таза көше, көрікті аула, жинақы ауыл – өзімізге және келешек ұрпаққа жасалған қамқорлық.
💚 Ауылымыздың тазалығы – әр тұрғынның қолында!
Бірге еңбек етсек – ауылымыз көркейеді!
Бірге сақтасақ – тазалығымыз тұрақты болады!
Таза Қазақстан!
Таза аула!
Таза Аманкарагай
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1285265?lang=ru

Жауап қалдыру