📚 ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ. ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ. ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 📚 ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ. ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ. ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ

🇰🇿 Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақтөбе облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, кітап оқу мәдениетін дамыту және ұлттық руханиятты нығайтуға бағытталған облыстық семинар өтті.

📖 Іс-шараның негізгі өзегі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Оқитын ұлт» идеясы.

Семинар барысында мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі рөлі, кітап оқу мәдениеті, ұлттық әдебиет пен руханият, тіл үйретудің тиімді тәсілдері және жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің әлеуеті талқыланды.

🎤 Шараға білім, мәдениет, тіл, әдебиет және басқа да салалардың өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🏆 Іс-шара аясында тіл саясатын іске асыруға, мемлекеттік тілді дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар 10 байқау жеңімпазы анықталды.

🤝 Тұғырлы тіл – ұлттың тірегі.
Зерделі ұлт – білім мен ізденістің жемісі.
Өркениетті қоғам – ортақ құндылықтарға құрылған қоғам.

#ТұғырлыТіл #ЗерделіҰлт #ӨркениеттіҚоғам #ОқитынҰлт #МемлекеттікТіл #ҚазақстанХалқыТілдеріКүні #ҚазақТілі #Ақтөбе
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1285378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді