
Тарбағатай ауданының білім беру саласында абыройлы қызмет атқарған мектеп басшылары құрметті зейнет демалысына шықты:
Құрметті Болатбек Советбекович, Жанымхан Шарипханович, Кульмайраш Зейнелхановна!
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі атынан Сіздерге жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, білім беру ұйымдарын басқарудағы жауапкершіліктеріңіз және ауданның білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз!
Мектеп басқару – ұжымның ынтымағын ұйыстырып, ұстазға қолдау көрсету, әр баланың болашағына жауапкершілікпен қарау. Осы міндетті абыроймен атқарған Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз бен өнегелі еңбек жолдарыңыз кейінгі буын педагогтерге үлгі болып қала береді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Зейнет демалысы көңіл тыныштығына, жақындарыңызбен өткізетін қуанышты сәттерге және өздеріңіз қалаған игі істерге толы болсын!
Еңбектеріңіздің зейнетін көріп, ұрпақтарыңыздың қызығына кенеле беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1284781?lang=ru

Жауап қалдыру