Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері Jetour автокөлігін тоқтатты.

     Кейінге қалдыруға болмайтын тінту барысында алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті барсетка табылды. Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар орама тәркіленді.

     Тергеу барысында тәркіленген заттың психотроптық зат — мефедрон екені анықталды. Оның жалпы салмағы 392 грамды құрады.

     Психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 23 және 46 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

     Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұсталғандар Жетісу облысының аумағында жасырын орындарға есірткі қойып кету арқылы психотроптық заттарды өткізумен айналысқан.

     Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1284688?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді