Ақтау қаласында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Ақтау қаласында азаматтардың, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Заң және тәртіп: құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті, «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қоры және Ақтау қаласының «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық білімді арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді