
Жаңа оқу жылында өңірде 7 мектеп пайдалануға берілді. Оның үшеуі – Ақтөбе қаласында, екеуі – Темір ауданында, бір-бірден Мұғалжар және Мәртөк аудандарында ашылды. Төрт нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2023–2026 жылдары облыста барлығы 14 заманауи мектеп бой көтерді. Сонымен қатар биыл 9 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті.
Жаңа мектептер заманауи кабинеттермен, спорт залдарымен, кітапханалармен, цифрлық жабдықтармен және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1285451?lang=ru

Жауап қалдыру