Ашық суда 21 шақырым: Жаннат Қатарбаеваның Балқаштағы тарихи жетістігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Digital Silk Road Company» ЖШС заңгері Жаннат Қатарбаева Балқаш көлінің ашық суында 21 шақырымды жүзіп өткен алғашқы қазақ әйелі атанды.

Ол OCEANMAN халықаралық жарысы аясында аталған қашықтықты тоқтаусыз жүзіп өтті. Жарыс күрделі ауа райы жағдайында өтті: желдің жылдамдығы сағатына 28 шақырымға дейін жетіп, көлде қатты толқын көтерілді. 12 қатысушының тоғызы мәреге жетті.

46 жасар Жаннат Жаңаөзен қаласының тумасы, екі қыздың анасы. Ол алты жылдан бері Дмитрий Деревянконың жетекшілігімен жүзумен айналысады. Бұған дейін спортшы Қазақстанда 8 және 10 шақырымдық қашықтықтарды, сондай-ақ Италиядағы Орта көлінде 14 шақырымды жүзіп өткен.

Жаннаттың жетістігі – мақсаткерліктің, тәртіптің және қайсарлықтың жарқын үлгісі. Қаржы министрлігі оны тарихи жетістігімен құттықтап, жаңа спорттық жеңістер тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1284886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді