Астана қаласының шеткері аумақтарында жер учаскелерін беруге және көппәтерлі тұрғын үйлер салуға 2035 жылға дейін уақытша шектеу қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жоқ, магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген шеткері аумақтарында жер учаскелерін беруге және көппәтерлі тұрғын үйлер салуға 2035 жылға дейін уақытша шектеу қойылды.  Бұл шешім Астана қаласын оның бас жоспарына сәйкес кешенді әрі үйлесімді дамыту мақсатында қабылданды.

Шектеу перспективалы құрылыс аумақтарын алдын ала қажетті қала құрылысы, инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылысқа уақытша шектеу қойылған аумақтарға – Өндіріс тас жолы бойындағы К-1 айналмалы жолдың солтүстік бөлігі, Алаш тас жолы бойындағы К-1 айналмалы жолдың солтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ, «Астана – Қарағанды» автомобиль жолы бойындағы айналмалы жолдың шығыс бөлігі жатады.

Қабылданған шешім бұл аумақтарды дамытуды тоқтатуды көздемейді. Негізгі мақсат – жүйесіз және нүктелік құрылыстың алдын алып, аумақтарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, олардың жоспарлы дамуына жағдай жасау.

Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін қажетті аумақтарды сақтау мақсатында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулері шегінде күрделі құрылыс объектілерін орналастыруға да шектеу қойылды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1285231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді