Астанада бақылаудан жалтармақ болған жүргізуші жазаланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыру фактісін анықтады.

     Күндіз Астана – Қарағанды автожолында патрульдік полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізуші басқарған Shacman жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің көлікті салмақ өлшеу бақылауынан өткізу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жасыруға әрекет жасағаны анықталды.

     Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

     Сот шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынып, көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды.

     Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға немесе өзгертуге жасалған кез келген әрекет жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік бермейтінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар полиция қызметкерлері мен бақылаудың техникалық құралдарының көмегімен анықталады.

     Көлік құралын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті. Бақылаудан жалтаруға әрекет жасап, жүргізуші куәлігінен, қауіпсіздіктен және абыройдан айырылып қалу қаупіне бармаған жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1284836?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді