Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті он бесінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 26 тамызында сағат 15.30-да аудан әкімі А.Сартовтың, аудандық мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің, аудандық мекемелер мен ұйымдар басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының  кезекті он бесінші сессиясының отырысы өтті. Сессияда келесі мәселелер қаралды:

–  Алтынсарин ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;

– Алтынсарин ауданында сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту жай-күйі және шаралары туралы;

– Алтынсарин ауданы әкімдігі жанындағы Заң және Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»;

– мәслихаттың 2022 жылғы 17 ақпандағы № 74 «Алтынсарин ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

– мәслихаттың 2026 жылғы 17 наурыздағы № 187 «Алтынсарин ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының 2026 жылға арналған құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

– аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 149 «Алтынсарин аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

– аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 300 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

– Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы;

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның онлайн трансляциясы сілтеме бойынша өтті: https://www.facebook.com/reel/1765059727858607

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1285114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді