
Жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемінің мөлшері өзгеруі мүмкін. Жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер болған кезде ғана жүргізіледі.
Осындай жағдайлардың бірі-зейнетақы төлемдерін жыл сайынғы индекстеу. Оның мөлшері заңнамаға сәйкес анықталады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес зейнетақы төлемінің мөлшері еңбек өтілін немесе зейнетақыны тағайындау мен есептеу үшін маңызы бар басқа да мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды ұсынған кезде қайта қаралуы мүмкін.
Ұсынылған қосымша құжаттар бойынша жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемін қайта есептеу өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтінішті және қажетті құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркеген күн өтініш жасалған күн болып саналады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімді қайта есептеу және қайта қарау тәртібі Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларында белгіленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1285308?lang=ru

Жауап қалдыру