Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына құқықтық оқыту өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 26 тамызда Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Б. М. Тажибаева Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына құқықтық оқыту өткізді.
Құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын практикалық қолдану мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, әкімшілік рәсімнің кезеңдері, өтініштерді қарау мерзімдері, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әкімшілік актілер мен шешімдерге шағымдану тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1285327?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді