eGov Mobile мобильді қосымшасында шұғыл ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеудің жаңа сервисі іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сервис арқылы алдын ала 3 сенімді байланыс тұлғасына дейін көрсетуге болады. Егер шұғыл жағдайда пайдаланушы ауруханаға жатқызылып, жақындарымен өздігінен байланыса алмаса, оларға SMS-хабарлама жіберіледі.

 

Сенімді байланыс тұлғасы кәмелетке толған және Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Оны тіркеу үшін ЖСН-ын көрсету жеткілікті. Осыдан кейін көрсетілген адамға 1414 нөмірінен SMS келеді және ол сұрауды растай немесе одан бас тарта алады.

 

Қызмет «Қызметтер» – «Денсаулық сақтау» бөлімдерінде тегін қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/1284930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді