Екібастұз қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынға қала әкімі А.Бейсекин қатысты, онда негізгі тақырып коммуналдық қалдықтарды басқару мәселелері болды. Ж.Жақыповтың төрағалығымен депутаттар қала мен Шідерті поселкесіне  қатысты маңызды өзгерістерді талқылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган басшысының міндетін атқарушының баяндамасына сәйкес, «Абаттандырылған үй иеліктері» және «Абаттандырылмаған үй иеліктері» санаттары бойынша коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын арттыру қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың нақты көлеміне сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты жүргізілген.

Нормативтерді есептеу номмуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес, жыл бойы жүргізілген өлшеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылған. Жоба заң сараптамасынан өтіп, Қоғамдық кеңестің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің және «Атамекен» Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының қорытындылары алынған.

Сонымен қатар, алғаш рет мәслихаттың қарауына Шідерті поселкесі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік нормалары енгізілді. Поселке тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтерін қамтитын кешенді тариф енгізу мәселесі  талқыланды.

Шідерті поселкесінде бірыңғай стандарттар мен тариф белгілеу қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды жолға қоюға, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат төрағасы Н.Макраев бұған дейін үзіліс жарияланған кезектен тыс 49-сессияның жұмысын қорытындылап, сессияны жапты.

Депутаттар ұсынылған жобаларды бірауыздан қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1285228?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді