Екпе – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Вакцинация – адамзатты көптеген қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз әдістерінің бірі. Екпенің арқасында шешек толық жойылып, полиомиелит, дифтерия, қызылша, көкжөтел, сіреспе және басқа да жұқпалы аурулардың таралуы айтарлықтай төмендеді.
Вакцина ағзаға ауру қоздырғышына қарсы иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Соның нәтижесінде адам инфекция жұқтырған жағдайда ауруды жеңіл өткереді немесе мүлде ауырмайды. Сонымен қатар вакцинация қоғамда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етіп, екпе ала алмайтын адамдарды да жанама түрде қорғайды.
Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген барлық вакциналар қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша көпсатылы тексерулерден өтеді. Сондықтан балалар мен ересектерге ұсынылған мерзімде екпе алу – әр адамның өз денсаулығы мен жақындарының амандығына қосқан маңызды үлесі.
Вакцинациядан бас тарту жұқпалы аурулардың қайта таралу қаупін арттырады. Соңғы жылдары әлемнің бірқатар елдерінде екпе алмаған адамдар арасында қызылша және басқа да инфекциялық аурулардың өршуі тіркелді.
Денсаулық – әр адамның ең үлкен байлығы. Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғау үшін екпе күнтізбесін сақтап, профилактикалық егулерді уақытылы алыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1285323?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді