
2026 жылғы 2 қыркүйекте мемлекеттік еңбек инспекторлары А.В. Сергеев және Е.Д. Сергиенко «Ю.В. Марцинкевич» ЖК қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек заңнамасының негізгі нормалары, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастарын ресімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптар түсіндірілді.
Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру шартының жоқтығы үшін жауапкершілігі, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және практикалық қызметте еңбек заңнамасының нормаларын қолдану бойынша қажетті түсініктемелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1284775?lang=ru

Жауап қалдыру