Ерлікпен жазылған өмір: “Темір адам” жас полицейлермен тәжірибесін бөлісті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің аға буынмен сабақтастығын нығайтуға бағытталған тағылымды кездесулер жалғасып жатыр. “Ардагер сыйға тартқан кітап” акциясы аясында жас полицейлер ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Оспанғазы Жанқожаевпен кездесті.
Оспанғазы Жанқожаев — құқық қорғау саласында ерлігімен танылған ардагер. 1989 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қарулы қылмыскермен арпалысып, бірнеше жерінен жарақат алған. Дәрігерлер оның денесінен 10 оқты алып шыққанымен, қалған сегіз оқ өмір бойы денесінде қалды. Осыдан кейін әріптестері оны “Темір адам” деп атап кеткен.
Батылдығы мен жанқиярлығы үшін Оспанғазы Жанқожаев елімізде алғашқылардың бірі болып “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған. Тағылымды кездесуде ардагер жас полицейлерге қызмет барысында жинақтаған тәжірибесі мен өмірлік ұстанымдары туралы айтып, кәсіби жауапкершілік және заңға қызмет етудің маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Оспанғазы Жанқожаев жеке кітапханасындағы тағылымды кітаптарын жас полицейлерге сыйға тартты. Сонымен қатар қызметкерлерге естелік сыйлықтарын табыс етті. Жас қызметкерлер ІІО ардагеріне ризашылықтарын білдіріп, оның ерлікке толы қызмет жолы өздеріне үлкен өнеге екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1285246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді