Есіл ауданында «Бизнестен 100 игі іс» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бизнестен 100 игі іс»: жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау және «Бизнестен 100 игі іс» акциясын іске асыру аясында Есіл ауданының аумағында кәсіпкерлерді аталған акцияға тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

1 қыркүйек — Білім күні қарсаңында кәсіпкерлер тарапынан балаларға қажетті көмек көрсетіліп, олардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына қолдау білдірілді.

Осындай игі істер — балалардың болашағына жасалған маңызды үлес әрі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын көрінісі.

Балаларға қолдау көрсетіп, игі бастамаға белсенді қатысқан барша кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз! Барша оқушыларды Білім күнімен құттықтаймыз!

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1284988?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді