«Интернет-алаяқтық» тақырыбында оқу сабағы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әділет департаментінде «Интернет-алаяқтық» тақырыбында оқу сабағы өткізілді.
Іс-шара қызметкерлердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Шақырылған спикер ретінде Қостанай қаласы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Кунеков А. Г. сөз сөйледі.
🔹 Оқу барысында қызметкерлерге интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, телефон байланысы мен интернет-ресурстарды пайдалана отырып азаматтарды алдау тәсілдері, сондай-ақ банктік қосымшалар мен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілді.
🔹 Азаматтардың қырағылық танытуы, бөгде адамдарға жеке деректерін, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды бермеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1284684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді