
2026 жылғы 21 тамызда «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңыжарияланды.
Заңды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп әзірледі. Құжат алғашрет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді, олардың мәртебесін, қызмет шарттары мен тәуелсіздікке, ашықтық пен есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды.
Заңның қабылдануы кредиттік рейтингтерді пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, рейтингтік қызметтердің жергілікті нарығын дамытуға және капитал нарығын дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Заң ережелерін іске асыру шеңберінде бәсекеге қабілетті ұлттық рейтингтік агенттік құру көзделеді. Бұл ШОБ субъектілерін қоса алғанда, қазақстандық компаниялар үшін сапалы рейтингтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тәуелсіз рейтингтік бағалау ақпараттық асимметрияны төмендетуге, инвесторлардың сенімін арттыруға және қор нарығы арқылы қаржыландыруды тарту бойынша бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады.
Заңда мынадай негізгі бағыттар көзделген.
Агенттіктердің үш түрін көздейтін нарықтың институционалдық моделін құру.
Біріншіден, Ұлттық Банк құрылтайшысы болып табылатын қазақстандық рейтингтік агенттікті құру, бұл оның нарық тарапынан орнықтылығы мен сенімін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, ЭЫДҰ-ның бес елі таныған халықаралық рейтингтік агенттіктер.
Үшіншіден, шыққан елдің реттеушісі таныған шетелдік рейтингтік агенттіктер.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды енгізу. Заң кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклін белгілейді. Агенттікке халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ заңнама талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Нарыққа шығу үшін халықаралық және шетелдік агенттіктерге қойылатын біліктілік талаптары белгіленеді.
Қазақстандық агенттік үшін капиталға, басшы қызметкерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ реттеушіге рейтингтер, әдіснамалар және статистика туралы ақпарат беру міндеті енгізіледі.
Әдіснамаға қойылатын талаптарды белгілеу. Рейтингтік қызмет тек бекітілген әдіснаманың негізінде жүзеге асырылады, ол кредит қабілеттілігін кешенді бағалауды қамтамасыз етуге, тәуекелдің барлық негізгі факторларын ескеруге, тарихи деректер негізінде салыстырылатын және тексерілетін болуға тиіс. Жылына кемінде бір рет әдіснаманы жүйелі түрде өзектендіру талабы енгізіледі.
Тәуелсіздікті қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысын басқару. Агенттіктердің институционалдық және операциялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілуде. Мүдделер қақтығысын басқаруға, рейтингтік және өзге де қызмет түрлерін бөлуге, сондай-ақ рейтингтік талдаушыларға, оның ішінде ротациялауға және рейтинг берілетін тұлғалардың қаржы құралдарын иеленуіне тыйым салуға қойылатын талаптар белгіленеді. Корпоративтік басқаруға қойылатын жоғары талаптар енгізіледі: директорлар кеңесі құрамының кемінде жартысын тәуелсіз директорлар құрауға тиіс.
Ақпаратты ашу стандарттарын белгілеу. Барлық агенттіктер әдіснамаларды, баға белгілеу саясатын, дефолт деңгейлері туралы тарихи деректерді және бенефициарлық меншік иелерінің құрылымын қамтитын қызметтің ашықтығы туралы жыл сайынғы есепті жариялауға міндетті.
Заң ережелерін іске асыру капитал нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, қаржыландыруды тарту құралдарын кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады. IOSCO қағидаттарымен үздік халықаралық практикаға негізделген реттеуді енгізу қазақстандық эмитенттердің халықаралық капиталға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал ететін болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1285037?lang=ru

Жауап қалдыру