«Кредиттік серіктестік «Атырау-Болашақ» ЖШС лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Атырау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №2 бұйрығына сәйкес «Кредиттік серіктестік «Атырау-Болашақ» ЖШС-нің (бұдан әрі – КС) микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы 3 ай мерзімге тоқтатыла тұрды.

Бұған пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа шарттар жасасуға тыйым салуды көздейді.

Микроқаржы ұйымы бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер міндеттемелерді орындау талаптарын бұзғаны үшін жауапты болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1284734?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді