Мәслихаттың құрамы жаңа депутатпен толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес Respublica партиялық тізімі бойынша Алматы қаласы Мәслихаты депутатының бос мандаты Мейрамбек Есентайұлы Әбелқасовқа берілді.

Еске салсақ, бос депутаттық мандат Respublica партиясының өкілі Руслан Идрисовтың Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып сайлануына байланысты пайда болды.

Мейрамбек Әбелқасов – кәсіпкер және қоғам белсендісі. 1990 жылғы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы» және «Банк ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын банк саласында бастаған. Әр жылдары «HSBC Банк» ЕБ АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «КазИнвестБанк» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ және «Альфа Банк» ЕБ АҚ-да қызмет атқарған. Кейін кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, «Taxi Kolesa» ЖШС-ін басқарды, «JET Shering» ЖШС-нің операциялық директоры болды. 2024 жылдан бастап «Esentai Success» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының курьерлік қызмет таксопарктері қауымдастығының төрағасы. Жаңа Салық кодексін әзірлеуге, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын электр көлік құралдары мен қоғамдық көлікті реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс топтарына қатысқан.

Технологиялық кәсіпкерлік және инвестиция тарту саласында тәжірибесі бар. JET стартапы аясында Қазақстанға 100-ден астам шетелдік инвестор тартылған. Бизнесті 12 елде кеңейтуге және IT-қызметтер экспортын дамытуға атсалысқан.

Қоғамдық және қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады. Паралимпиада спортшылары мен балалар үйлеріне қолдау көрсетіп, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дамытуға және насихаттауға үлес қосып келеді. Respublica партиясының мүшесі.

«Мейрамбек Есентайұлының қаржы саласында, кәсіпкерлікте және заманауи қалалық сервистерді дамытуда практикалық тәжірибесі мол. Оның кәсіби қызметі көлік, бизнес, цифрлық шешімдер және инвестиция тарту мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тәжірибе депутаттық қызметте тиімді пайдаланылып, Алматының дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1285067?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді