
026 жылғы 3 қыркүйекте ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында мал жаю қағидаларын сақтау және мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Малды қараусыз жаюға қатаң тыйым салынады! Қараусыз қалған жануарлар мал ұрлықшыларына оңай олжа болып қана қоймай, жолдарда апаттық жағдайлар туғызады, сондай-ақ өзгелердің егістігіне зиян келтіреді. Сонымен қатар, тұрғындарға «Малға арналған GPS-датчиктер – қауіпсіздік, бақылау және тыныштық» тақырыбында ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1285354?lang=ru

Жауап қалдыру