Мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Аудит нәтижесінде елорда бюджетіне түсетін түсімдердің толықтығына әсер ететін бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, жекелеген салық төлеушілерді жеткіліксіз әкімшілендіру, есепке алынбаған салық салу объектілері және салық берешегінің өсуі тіркелді.

Салық берешегін тиімді өндіріп алуға, салықтарды толық есептеу мен төлеуді бақылауды күшейтуге, сондай-ақ салықтық тәуекелдерге уақтылы ден қоюға ерекше назар аудару қажет.

Сонымен қатар анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі жойылып, тиісті сомалар бюджетке түсті.

Астана үшін салықтық әкімшілендірудің тиімділігі – әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1285447?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді