
Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің ұйымдастыруымен жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және АРМ ЕКГН ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің басшысы А. Жұмағалиева және ауыл әкімдіктерінің жер қатынастары саласына жауапты мамандары қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1285166?lang=ru

Жауап қалдыру