
Бүгінде «неліктен екі зейнетақы алушының еңбек өтілі бірдей болса да, тағайындалған зейнетақы мөлшері айтарлықтай ерекшеленеді?» деген сұрақ жиі қойылады.
Алғашқы қарағанда бұл әділетсіз көрінеді: егер адамдар, мысалы, 30–35 жылдан жұмыс істесе, неліктен олар бірдей зейнетақы алмайды?
Алайда, Қазақстанның зейнетақы жүйесі зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек жұмыс жылдарының санымен ғана анықталмайтындай етіп құрылған.
Әрбір азаматтың зейнетақысы жеке есептеледі және бірден бірнеше факторға байланысты болады.
Ең алдымен, зейнетақы төлемдері бірнеше бөліктен тұратынын түсіну қажет: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, солидарлық зейнетақы төлемі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдер.
Бірінші құрамдас бөлігі — базалық зейнетақы.
Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген кезеңдер ескеріледі.
Екінші құрамдас бөлігі — жас бойынша зейнетақы. Аталған зейнетақыны тағайын-дауда адамның 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі өтілі ерекше маңызды.
Төлемді тағайындау үшін осы күнге дейін кемінде алты ай еңбек өтілі болуы талап етіледі. Еңбек өтілінің ұзақтығынан бөлек, заңнамада белгіленген ережелерге сәйкес кез келген үш жылдық қатарынан есептелген орташа айлық табыс ескеріледі. Сондықтан, жалпы еңбек өтілі бірдей екі адамның 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі немесе есепке алынған табысы әртүрлі болса, олардың солидарлық зейнетақысы да әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы, екі азаматтың жалпы еңбек өтілі 35 жылдан болуы мүмкін. Бірақ олардың бірінің 1998 жылға дейін 17 жыл еңбек өтілі болса, екіншісінің 15 жыл болған. Сонымен қатар, олардың ресми табыстары айтарлықтай ерекшеленген болуы мүмкін. Нәтижесінде зейнетақының солидарлық бөлігінің мөлшері де әртүрлі болады.
Үшінші құрамдас бөлігі — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары.
1998 жылғы 1 қаңтардан кейін міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым көп және жүйелі аударылса, азаматтың жеке зейнетақы шотында соғұрлым көп зейнетақы жинақтары жинақталады. Демек, азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы да әртүрлі болады.
Сондықтан бірдей еңбек өтілі зейнетақының бірдей мөлшерін кепіл-ден-дір-мейді.
Әрбір азаматтың зейнетақысы нақты оның мәліметтеріне және құқықтық ережелерге сүйене отырып, жеке есептеледі.
Бейнероликтен толығырақ көріңіз:
https://www.instagram.com/reel/Dc0o4B3IN6l/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1285179?lang=ru

Жауап қалдыру