ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ТЕРМОПАНЕЛЬ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бір мысалы – Темір ауыл округінде іске қосылған термопанель өндіру цехы.
2025 жылы іске қосылған өндіріс орнының аумағы 140 шаршы метрді құрайды. Цехтың өндірістік қуаты айына 800-900 шаршы метр термопанель өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұнда 6 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа айлық жалақы көлемі 150-200 мың теңгені құрайды.
Аталған өндіріс орны 2025 жылы кәсіпкерлер Турганбаев Бейсенбай мен Божбанбаев Айдос Темірбайұлының бастамасымен жұмысын бастаған. Кәсіпкерлер өндірісті жолға қою және оның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру үшін 10 млн теңге көлемінде жеке қаражатын салған. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде «Бизнес Бастау» жобасы аясында 1,57 млн теңге көлемінде грант қаражатын алып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.
Өндірісте шығарылатын термопанельдер құрылыс саласында кеңінен қолданылатын заманауи материалдардың бірі болып саналады. Өндірілген өнім негізінен Отырар ауданының аумағында өткізіледі. Жоба жергілікті құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етуге, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Кәсіпкерлер өндірісте сұранысқа сәйкес өзге де (кольцо, шлакоблок) құрылыс материалдарын дайындап шығарады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, кәсіпорынның жұмыс ауқымын кеңейтуді жоспарлауда. Бұл ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етеді.
Мұндай жобалардың іске қосылуы – ауыл экономикасын әртараптандырумен қатар, отандық өнім көлемін арттыруға, жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1284883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді