
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтқан ойлары мен тұжырымдарын бір арнаға тоғыстырған «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» жинағы таныстырылды.
Жалпы кітапта мемлекетшілдік, әділеттілік пен заң үстемдігі, білім мен ғылым, мәдениет, ұлттық құндылықтар және жастардың болашағына қатысты маңызды мәселелер қамтылған.
Кездесуде жинақтағы ойлардың бүгінгі қоғам үшін маңызы мен жастардың ел дамуына қосар үлесі туралы сөз болды. Жастарға кітапты оқып, ондағы тұжырымдарды саралап, ел болашағына қатысты өз пікірлерін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Жиын соңында бірқатар көшбасшы жастарға кітаптар тарту етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1285152?lang=ru

Жауап қалдыру