
Шымкент қаласының полицейлері ата-аналарға үндеу жасайды. Балаларды мектепке алып келген немесе мектептен алып кеткен кезде көлікті тек арнайы рұқсат етілген, қауіпсіз орындарға тоқтатуды сұрайды.
Жол жиегіне, жаяу жүргіншілер өткеліне немесе көлік қозғалысына кедергі келтіретін жерлерге тоқтауға болмайды. Мұндай әрекет басқа жүргізушілерге қиындық туғызып, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.
Полицейлер ата-аналарды жол қозғалысы ережелерін сақтап, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Баланың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1285195?lang=ru

Жауап қалдыру