
Минск, 2026 жылғы 3 тамыз – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Утюпинмен кездесті.
П.Утюпин қазақстандық тарапты ел тарихындағы Құрылтайға алғашқы сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковтың Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолдаған құттықтау хатын табыстады.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Алдағы екіжақты және көпжақты іс-шараларға дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық сипатын атап өтіп, көпжақты Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын нығайту және одан әрі кеңейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1285488?lang=ru

Жауап қалдыру